Текст
Астанада «Жұмысшы мамандықтар жылы: техникалық және кәсіптік білім мен бизнестің жаңа мүмкіндіктері» атты панельдік секция Республикалық тамыз конференциясы аясында өтті.
Қатысушылар – ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Talap» КЕАҚ, колледждер, бизнес және халықаралық ұйымдар өкілдері – жұмысшы мамандықтар жылының негізгі бағыттарын, білім мен еңбек нарығының өзара іс-қимылын және мамандарды даярлаудағы инновацияларды талқылады.
Нәтижесінде ТжКБ жүйесін дамыту және бизнеспен әріптестікті нығайту бойынша ұсыныстар әзірленді.