18.09.2026
Алда — WorldSkills Shanghai 2026 әлем чемпионаты. Бұл додаға қатысатын әрбір жас маманның жетістігінің артында ұзақ дайындық, табанды еңбек және ел намысын қорғауға деген зор жауапкершілік тұр.
Чемпионаттың маңызды күндері👇
✈️ 18–21 қыркүйек — Шанхайға жол жүру және жарыс алдындағы соңғы дайындық;
🤝 22 қыркүйек — қатысушылармен кездесу және чемпионаттың салтанатты ашылуы;
🛠️ 23–26 қыркүйек — негізгі жарыс күндері;
🏅 27 қыркүйек — чемпионатты қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау және жабылу салтанаты.
Ақмола облысының атынан Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің студенттері Сапов Роман Николаевич пен Шишканов Артём Александрович «Автономды мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша Қазақстан намысын қорғайды.
Қатысушыларымызға сәттілік, сенімділік және жеңіс тілейміз! Білімдері мен шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетіп, ел мерейін асқақтатсын!
Алға, Қазақстан! Жеңіспен оралыңыздар! 🇰🇿