АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ТЕХНИҚАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ЦЕНТР РАЗВИТИЯ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО, ПОСЛЕСРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Еңбек адамы - көркем әдебиетте» облыстық байқауы

16.06.2026

Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 12 маусымда Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының базасында колледж кітапханашылары арасында «Еңбек адамы – көркем әдебиетте» атты облыстық байқау өтті.
Байқау қатысушыларына Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығының басшысы Н. Ибраев және Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Қ. Оспанов құттықтау сөз сөйледі. Өз сөздерінде олар іс-шараның жастарға кәсіптік бағдар беру мен көркем әдебиет арқылы жұмысшы мамандықтарын насихаттаудағы практикалық маңыздылығын атап өтті.
Байқауға 11 кітапханашы қатысты. Іс-шара кәсіби тәжірибе алмасуға, шығармашылық қабілеттерді көрсетуге және көркем әдебиеттегі еңбек адамының бейнесін жаңаша зерделеуге мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
І орын – Дәулет Гүлхан Лұқпанқызы, Жоғары агротехникалық колледжінің кітапхана меңгерушісі;
ІІ орын – Сайпиева Ризагүл Махметқызы, Көкшетау қаласындағы жоғары техникалық колледжінің кітапханашысы;
ІІІ орын – Сапар Әсел Нұрмаханқызы, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Абай атындағы электрондық-ресурстық кітапханасының меңгерушісі.
Номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды:
1. «Үздік эссе» – Баджанова Тұрсынгүл Қосанқызы, Азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжінің кітапханашысы;
2. «Үздік насихаттаушы» – Исупова Наталья Рудамисовна, Жоғары ветеринария және биотехнология колледжінің кітапханашысы.
Байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.
Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары және жоғары кәсіби шеберлік танытқандары үшін алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!
 

Просмотров: 15


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст