
Құрметті әріптестер, студенттер және серіктестер!
Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ресми сайтына қош келдіңіздер. Біздің орталық – аймақтағы инновациялық білім беру мен кәсіби даярлықты дамытуға бағытталған жетекші ұйым.
Біз жаңа білім беру бағдарламаларын енгізіп, халықаралық стандарттарға сай сапалы оқытуды қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар, инновациялық жобаларды қолдап, өндірістік серіктестіктестікті дамытамыз.
Біздің басты құндылығымыз – адам капиталы. Әрбір студенттің жетістігі – біздің ортақ жетістігіміз. Біз жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамытып, шығармашылық әлеуетін ашуға жағдай жасаймыз.
Алдағы уақытта жаңа мамандандырылған бағыттарды іске қосып, аймақтық және халықаралық серіктестік байланыстарды кеңейтеміз.
Ізгі тілекпен және құрметпен, Орталық басшысы Нартай Ерназарұлы.
