АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ТЕХНИҚАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ЦЕНТР РАЗВИТИЯ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО, ПОСЛЕСРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПУЛЬС: ЖАС ПЕДАГОГ ДАУЫСЫ» атты II Республикалық форум өз мәресіне жетті!

30.04.2026

 

29-30 сәуір күндері Астана қаласында өткен форум жас педагогтерді, сарапшыларды және білім беру саласының өкілдерін бір алаңға жинады. Республикалық форумға Ақмола облысынан белсенді жас педагогтер қатысты: Новожилов Антон Олегович (Ерейментау қ., Агротехникалық колледжі), Лавро Александр Сергеевич (Көкшетау қ., Жоғары техникалық колледжі), Новлянский Владимир Владимирович (Көкшетау қ., Жоғары техникалық колледжі), Куандыкова Айткул Асқаровна (Щучинск қ., Жоғары техникалық колледжі), Кошкимбекова Нұрләйлім Нұрғалиқызы (Щучинск қ., Жоғары техникалық колледжі), Өтепбай Жансая Қанатқызы (Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі).

Форум аясында қатысушылар:

— білім берудегі цифрландыру және жасанды интеллект тақырыптары бойынша өзекті мәліметтер алды;

—заманауи педагогикалық тәсілдер мен цифрлық құралдарды қолдану тәжірибесімен танысты;

—авторлық идеяларын ұсынып, кәсіби пікір алмасуға қатысты;

—әріптестерімен тәжірибе бөлісіп, тиімді әдістермен алмасты;

— жаңа серіктестік байланыстар орнатып, болашақ жобаларға негіз қалады.

Мұндай ауқымды алаң жас педагогтердің кәсіби өсуіне серпін беріп, шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік жасады.

Ақмола облысынан қатысқан барлық педагогтерге белсенділігі, ізденісі және білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!

Алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен табыстар тілейміз!

Просмотров: 14


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст