АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ТЕХНИҚАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ЦЕНТР РАЗВИТИЯ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО, ПОСЛЕСРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ғылым әлемін ашу – VII» республикалық байқауы

22.04.2026

         2026 жылғы 22 сәуірде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы Көпсалалы колледждің ұйымдастыруымен «Ғылым әлемін ашу – VII» білім алушылардың оқу-зерттеу жобаларының республикалық байқауы өткізілді.

          Аталған іс-шара университеттің Ғылым апталығы аясында өткізіліп, Ақмола облысының білім басқармасы мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

         Байқаудың негізгі мақсаты – білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және дарынды жастарды қолдау.

           Биыл байқауға қатысуға 160-тан астам өтінім келіп түсті. Сараптамалық комиссияның қорытындысы бойынша 90 жоба іріктеліп, негізгі кезеңге – жобаларды қорғауға жіберілді.

         Байқауға еліміздің әр өңірінен келген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысты. Атап айтқанда, Ақмола облысы, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Өскемен, Ақтау, Семей, Қарағанды, Петропавл, Сарқан және Есік қалаларынан қатысушылар өз ғылыми жобаларын ұсынды.

        Негізгі кезеңде қатысушылар өз жұмыстарын 12 бағыт бойынша қорғады. Жобаларды бағалау жұмыстары тәжірибелі сарапшылардан құралған қазылар алқасына жүктелді. Қазылар құрамында университеттің профессор-оқытушылар құрамы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының мамандары, сондай-ақ Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтері болды.

        Байқаудың ашылу салтанатында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының басшысы Н.Е.Ибраев. құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, жастардың ғылыми-зерттеу қызметіне деген қызығушылығының артуы – елдің зияткерлік әлеуетін нығайтудың маңызды факторы екенін атап өтті.

         Байқау қорытындысы бойынша үздік жобалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталады.

Просмотров: 13


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст