АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ТЕХНИҚАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ЦЕНТР РАЗВИТИЯ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО, ПОСЛЕСРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіби білім беру жүйесінің бизнес-қоғамдастықпен өзара әрекеттестігі

18.09.2025

2025 жылғы 16 қыркүйекте Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі» МКҚК базасында «Кәсіби білім беру жүйесінің бизнес-қоғамдастықпен өзара әрекеттестігі» диалог алаңы өтті.

Іс-шара колледж бойынша экскурсиядан басталды. Қонақтарға оқу орнының тарихы мен жетістіктері таныстырылып, сондай-ақ колледждің материалдық-техникалық базасы, шеберханалары, зертханалары және оқу кабинеттері көрсетілді.

Іс-шара аясында кәсіби білім беруді еңбек нарығының талаптарымен ұштастыру, дуальді оқытуды кеңейту және жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Біздің әлеуметтік серіктестер — техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен жылдар бойы тығыз ынтымақтастықта болып келе жатқан бизнес құрылымдарының өкілдері өз тәжірибелерімен және ұсыныстарымен бөлісті. Олар колледждермен кәсіби кадрларды дайындау барысында тығыз өзара әрекеттестіктің маңыздылығын атап өтіп, қазіргі заманғы оқытудың практикалық бағыттылығын ерекше айтты және ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмаларын орындау шеңберіндегі Ұлттық құрылтай отырысында айтылған Костанай автомобиль көлігі колледжінің сәтті тәжірибесін кеңейту мәселесі ерекше қызығушылықты тудырды. Бұл тәжірибе бизнестің серіктестігіне және дуалды оқытуға негізделген кадрларды даярлаудың тиімді тәсілдерін көрсетеді. Колледж дуалды оқыту әдістерімен, студенттердің өндірістік дайындығымен және оқу бағдарламаларын еңбек нарығының сұраныстарына сәйкестендіру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Алаң аясында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды:

  1. Ақмола облысының Білім басқармасы мен Ақмола облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасындағы Меморандум.  Құжат техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға, жұмыс берушілердің оқу бағдарламаларын құруға қатысуына және түлектердің жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге бағытталған.
  2. «Ахмадиев С.А.» ЖК - Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының Сауда және қызмет көрсету салалық кеңесінің төрағасы мен «Көкшетау қаласы, Құрылыс-технологиялық колледжі» МКҚК арасындағы Меморандум. Келісім сауда және қызмет көрсету саласында мамандарды бірлесіп даярлауды, өндірістік тәжірибелерді ұйымдастыруды және білім сапасын арттыруды қарастырады.
  3. «Қостанай автомобиль көлігі колледжі» МКҚК мен Ақмола облысының жеті колледжі арасындағы Меморандум. Мақсаты — тәжірибе алмасу, тиімді білім беру тәжірибелерін енгізу, дуальды және желілік оқытуды бірлесіп дамыту, сондай-ақ өңірлер аралық серіктестікті нығайту. Аталмыш колледждердің студенттері өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігі ретінде Allur компаниялар тобына кіретін «СарыарқаАвтоПром» ЖШС зауыты базасында тәжірибе ұйымдастыру көрсетілген. Бұл ынтымақтастық студенттердің практикалық дағдыларын қалыптастыруға және оларды заманауи өндіріс жағдайларына тез бейімделуге ықпал етеді.

Диалог алаңының өткізілуі еңбек нарығының сұраныстарына бағытталған заманауи кәсіби білім беру моделін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды. Қатысушылар талқыланған тақырыптардың өзектілігін атап өтіп, алдағы ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Іс-шараның соңында диалог алаңының қатысушылары экологиялық акцияға қатысты, колледж аумағында ұрпақтар сабақтастығының, кәсіби білім берудің өсуі мен дамуының символы ретінде «Кәсіби шеберлік аллеясы» отырғызылды.

Просмотров: 7


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст