29.09.2025
Жұмысшы кәсіптер жылы аясында 2025 жылғы 24–25 қазан күндері Тараз қаласында өткен «Mamandyq Fest – 2025» халықаралық байқауы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің талантты жастарын біріктірген сән мен шығармашылықтың нағыз мерекесіне айналды. Қатысушылар «Сән технологиясы», «Киім дизайны», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» бағыттары бойынша өздерінің үздік жұмыстарын ұсынды.
Ақмола облысынан байқауға Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің 4 курс студенті, 02120200 «Киім дизайны» мамандығының білім алушысы Утекина Дардана қатысып, «Үздік студенттік жоба» (Best Student Project) арнайы номинациясын жеңіп алды. Жетекшісі – педагог-шебер Мамбетова У.С. Сонымен қатар байқауға Көпсалалы инновациялық колледждің өкілдері де қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
«Mamandyq Fest» байқауы – жас мамандарға кәсіби ортада танылуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өз жобаларын кең аудиторияға танытуға мүмкіндік беретін маңызды алаң болды.
Қатысушыларымызды байқаудағы табысты өнер көрсетулерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа шығармашылық белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!