Текст
01.10.2025
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Есіл қаласы, агротехникалық колледжі» МКҚК студенті Гончаров Станислав Костанай облысы, Әулиекөл ауылында өткен «AgroSkills-2025» республикалық кәсіби шеберлік байқауына қатысып, II орынды иеленгенін қуана хабарлаймыз!
Бұл нәтиже – білім мен еңбектің, үздіксіз ізденіс пен шеберліктің әділ бағасы. Байқау еліміздің түкпір-түкпірінен келген талантты жастарды біріктіріп, аграрлық саладағы жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Қатысушыны және оның жетекшісі, өндірістік оқыту шебері Нұрмағамбетов Бауржан Мұқатайұлын лайықты өнер көрсеткені үшін шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа белестерді бағындырып, толағай табыстар мен жарқын жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз!