01.10.2025
2025 жылдың 30 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында Қазақстан астанасында жылдың ең ауқымды аспаздық шарасы – «AstauFest 2025» өтуде. Ашылу салтанаты Hilton Astana қонақ үйінде өтіп, оған 45 ТжКБ ұйымдарынан келген 300-ден астам студент, оқытушы және өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Фестиваль Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл іс-шара технологиялық және сервис салаларына білікті мамандарды даярлау мен олардың кәсіби өсуіне арналған маңызды алаң болып табылады.
Байқау жұмыстарын Қазақстан, Франция, Үндістан, Түркия, Швейцария, Ресей және басқа елдерден келген 13 сарапшыдан құралған қазылар алқасы кәсіби номинациялар бойынша бағалайды.
Ақмола облысының колледждеріне халықаралық гастрономиялық аренада шабыт, жарқын жеңістер және өңірдің беделін лайықты деңгейде көрсетуге сәттілік тілейміз!