20.10.2025
2025 жылдың 17-18 қазан күндері Астана қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында білім беру қажеттіліктері ерекше жастар арасындағы кәсіби шеберлік бойынша республикалық чемпионат өтті.
Аталған чемпионатқа Ақмола облысынан үш колледждің алты қатысушысы қатысты: Құрылыс-технологиялық колледжі, Көпсалалы инновациялық колледж және Ақан сері атындағы Жоғары мәдениет колледжі.
Чемпионат қорытындысы бойынша облыс командасы Ақмола облысының қоржынына 3 алтын және 2 күміс медаль салды:
Сондай-ақ, «Киім тігу» құзыреттілігі бойынша республикалық чемпионатқа қатысқан Ныгметова Назгүл мен тәлімгері Ивашкевич Ирина Александровнаны да құттықтаймыз.
Бұл байқау қатысушыларға өз шеберлігін, дарынын және еңбексүйгіштігін республикалық деңгейде көрсетуге, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеуге мүмкіндік берді.
Сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!