АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ТЕХНИҚАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ЦЕНТР РАЗВИТИЯ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО, ПОСЛЕСРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола педагогтері тағы да өздерінің кәсібилігін дәлелдеді

15.10.2025

Білім беру мен мамандарды кәсіби даярлаудың заманауи жүйесі үнемі жетілдіріліп, дамуды талап етеді. Кәсіби деңгейді арттырудың тиімді құралдарының бірі – кәсіби шеберлік конкурстарына қатысу болып табылады. Бұл іс-шаралар талантты және құзыретті мамандарды анықтауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар өзін-өзі жетілдіруге және кәсіби өсуге деген ұмтылысты қалыптастыруға ықпал етеді.

Осындай конкурстардың бірі – Тараз қаласында өткен салалар бойынша колледж педагогтарының кәсіби шеберлігінің республикалық конкурсы, оған Ақмола облысының қатысушылары «Агрономия» және «Ветеринария» құзыреттерін ұсынды.

Конкурс қорытындысы бойынша конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:

1 орын «Агрономия» құзыреттілігінде «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК оқытушысы Райхан Темірбекқызы Нарбаеваға берілді.

«Креативті педагог» номинациясында «Ветеринария және биотехнология жоғары колледжі» МКҚК оқытушысы Нұржігіт Жандос Смағұлұлы марапатталды.

Әріптестерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз, одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!

Просмотров: 6


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст