17.10.2025
Бүгін - Дүниежүзілік нан күні.
Дәл осы күні, 2025 жылғы 16 қазанда Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжінде аспаздық іс мамандарының «BaursakBEST» бірінші өңірлік байқауы өтті. Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен бұл іс-шара наубайшы сияқты кәсіптердің маңыздылығы мен қадірін айшықтап, нан өсірушілердің еңбегімен және халқымыздың басты байлығы — нанмен тікелей байланысты болуы ерекше символдық мәнге ие. Байқауды ТжКББ дамыту орталығы мен Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжі ұйымдастырды.
Байқауға Ақмола облысының колледждерінен өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары қатысып, өздерінің шығармашылық қиялын, креативтілігін және талғам байлығын көрсетті. Қатысушылар келесі номинациялар бойынша бақ сынасты: «Фантазиялық баурсақпен шай үстелі», «Қамырдан жасалған тағам», «Қазақ ұлттық десерті (заманауи үлгіде)».
Құзыретті қазылар алқасы тағамдардың эстетикалық көрінісін, дәм мен композиция үйлесімділігін ғана емес, сондай-ақ олардың өзіндік ерекшелігін, ұлттық тағамдармен және ел тарихымен байланысын да бағалауы тиіс болды. Бас сарапшы RIXOS «Лоливо» мейрамханасының бас аспазшысы Виктор Анатольевич Лифановский шақырылды. Қазылар алқасының құрамына еңбек ардагерлері Татьяна Михайловна Стасевич, Татьяна Юрьевна Сонина енді.
Бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын – «Щучинск қ., жоғары техникалық колледж» МКҚК командасы
2 орын – «Есіл қ., агротехникалық колледжі» МКҚК командасы
3 орын – «Көпсалалы инновациялық колледжі» МКҚК командасы
Номинация бойынша:
«Қамырдан жасалған үздік тағам» - Клименко Наталья (Есіл қ., агротехникалық колледжі)
«Үздік тақырыптық дастархан» - Исаханова Т., Шинкаренко С., Мусина А. (Щучинск қ., жоғары техникалық колледжі)
«Үздік десерт» - Рахматуллина Найля (Есіл қ., агротехникалық колледжі)
Қатысушылар «BaursakBEST» байқауы жыл сайын өтетін шараға айналып, жаңа ауқымға ие болады және пікірлестердің басын біріктіреді деген сенім білдіреді.
Сәттілік, «BaursakBEST»!