22.10.2025
Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері Ақмола облысы білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығы» КММ ұйымдастырған «Үздік педагогикалық эссе» облыстық конкурсына қатысты.
Бұл конкурс – заманауи әлемдегі педагог рөлін ой елегінен өткізуге, кәсіби құндылықтарды ашуға және тәжірибе алмасуға арналған алаңға айналды. Биылғы конкурс тақырыбы – «Инклюзивті білім беру және қоғам» – қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті және әлеуметтік маңызы зор мәселелердің бірі болды.
Конкурс қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдармен және сертификаттармен марапатталды, бұл олардың еңбегі мен шығармашылық көзқарасының әділ бағасы болды.
І орын – Немилостева Елизавета Дмитриевна, Щучинск қаласы, Жоғары педагогикалық колледжінің ағылшын тілі пәні оқытушысы.
ІІ орын – Мендыбай Нурум Еруланұлы, Көпсалалы инновациялық колледждің тарих пәні оқытушысы.
ІІІ орын – Садвакасова Асель Ауэзхановна, Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.
«Үздік эссе стилі» номинациясы – Бекбулатова Булбул Оразбаевна, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжінің ағылшын тілі пәні оқытушысы.
«Әдеби құралдарды ең жақсы пайдалану» номинациясы – Оспанова Амина Кайдаркызы, Құрылыс-технологиялық колледжінің информатика пәні оқытушысы.
«Көзайым сыйлығы» номинациясы – Широкова Кристина Геннадьевна, Есіл қаласы, Агротехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.
«Ойлаудың түпнұсқалығы» номинациясы – Муканова Аяжан Олжакелдыевна, Жоғары аграрлық-технологиялық колледжінің ағылшын тілі пәні оқытушысы.
Барлық қатысушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа кәсіби табыстар, шығармашылық шабыт және жарқын жетістіктер тілейміз!