24.10.2025
Бүгін елордада Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиын барысында білім беру саласында айрықша жетістіктерге жеткен үздік педагогтер мен ұстаздар қауымы марапатталды.
Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы Хамзин Елебек Советұлы «Үздік педагог» атағына ие болды. Ол бұл марапатты көп жылғы еңбегі мен жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі елеулі үлесі үшін иеленді.
Елебек Советұлы – тәжірибелі ұстаз, өз ісінің шебері. Ол колледжде ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, жас мамандардың кәсіби дамуына зор үлес қосып келеді. Ұстаздың еңбегі әріптестері мен шәкірттері тарапынан жоғары бағаланып, бірнеше мәрте облыстық және республикалық деңгейдегі марапаттарға ие болған.
Келешекте ұстаздарға шығармашылық табыс және білім беру саласындағы жемісті еңбектерін одан әрі жалғастырып, талай шәкірттің жүрегіне жол табуларына тілектеспіз.
Ұстаздың тәжірибесі мен ізденісі жас педагогтер үшін үлгі болып, еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде тың жетістіктерге жете берсін!