28.10.2025
Жыл сайын ҚР Оқу-ағарту министрлігі өңірлердің білім басқармаларымен, әдістемелік орталықтармен бірлесіп техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде колледж педагогтері арасында әртүрлі салалар бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурстарын өткізеді.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында мәдениет пен өнер саласындағы республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.
Кокурстың негізгі мақсаты – кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының талантты және креативті педагогтерін анықтау және қолдау, сондай-ақ мәдениет пен өнер саласында инновациялық педагогикалық тәжірибелерді дамыту болып табылады.
Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің педагогтері жыл сайын конкурстарға қатысып, өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетіп келеді.
Биылғы жылы жоғары нәтижелерге жеткен педагогтер:
|
І орын |
«Цифрлық модельдеу» құзыреттілігі бойынша Күкенова Светлана Зуфаровна |
|
І орын |
«Хорды дирижерлеу» құзыреттілігі бойынша Досмагамбетова Айгүл Қайыржанқызы |
|
«Шебер орындау» номинациясында |
«Кескіндеу, мүсіндеу және графика» құзыреттілігі бойынша Құсаинова Қымбат Мұқанқызы |
|
«Үздік маман» номинациясында |
«Хореография режиссурасы» құзыреттілігі бойынша Фазылова Разалия Қайратқызы |
|
«Үздік маман» номинациясында |
«Вокалдық өнер» құзыреттілігі бойынша Шәпи Балқия Болатқызы |
|
«Сахна сәні» номинациясында |
«Аспаптық орындау» құзыреттілігі бойынша Абай Мадияр |
Республикалық конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз. Бұл жетістік кәсіпқойлықтың, шығармашылықтың және өнерге деген адалдықтың жоғары деңгейінің айқын дәлелі болып табылады! Конкурс дарынды, талантты мамандар үшін қолдау, кәсіби құзыреттілікті дамыту алаңына айналады деп үміттенеміз!