АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ТЕХНИҚАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ЦЕНТР РАЗВИТИЯ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО, ПОСЛЕСРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы колледждерінің қызмет көрсету саласы оқытушылары мен оқу және оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарларының әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті

07.11.2025

2025 жылдың 7 қарашасында Астраханка ауылындағы Агробизнес және қызмет көрсету колледжінде Ақмола облысы колледждерінің қызмет көрсету саласы оқытушылары мен оқу және оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарларының әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

Іс-шара пленарлық бөлім мен секциялардағы (әдістемелік бірлестіктер бойынша) жұмысты қамтитын семинар-практикум форматында өтті, оған өндірістік оқыту шеберлері, арнайы пәндер оқытушылары, колледж басшыларының оқу және оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, Ақмола облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығының әдіскерлері қатысты.

Отырыс шеңберінде қатысушылар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты; ТжКБ ұйымдары базасында шағын кәсіпорын қызметінің тәжірибесін зерттеді; оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізу; кәсіпкерлік дағдылар мен практикалық тәжірибені дамыту; тәжірибе алмасу, тағылымдамаларды ұйымдастыру және бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында кәсіпорындар мен колледждер арасында әріптестік байланыстар орнату мүмкіндіктері туралы мәселелерді қарады.

Іс-шараның соңында сындарлы пікір алмасу өтті, кері байланыс ұсынылды және әдістемелік бірлестіктің одан әрі жұмысы бойынша ұсынымдар тұжырымдалды.

Просмотров: 13


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст