07.11.2025
Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 7 қарашада Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжінің базасында «Білім берудегі оқытудың инновациялық формалары: кейстер, геймификация, интерактив» жалпы білім беретін пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің I отырысы өтті.
Отырыс аясында педагогтер кейстік технологияларды қолдануға, білім беру процесін геймификациялауға және оқытудың интерактивті әдістеріне негізделген заманауи педагогикалық тәсілдерді талқылады. Цифрлық құралдарды енгізудің практикалық аспектілеріне және білім алушылардың белсенді қатысуын ынталандыратын білім беру ортасын құруға ерекше назар аударылды. Талқылау барысында педагогтер тәжірибелерімен бөлісті, әзірлемелер мен білім беру кейстерін ұсынды, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық пен кәсіби өсу бағыттарын белгіледі.
Іс-шара кәсіби диалог, идеялармен алмасу және шығармашылық шабыт атмосферасында өтті, оқытудың инновациялық түрлері қазіргі білім беру ортасының ажырамас бөлігіне айналатынын растады.