11.11.2025
2025 жылғы 11-12 қарашада Орал қаласында Мемлекет басшыларының қатысуымен «Жұмысшы мамандықтары – экономиканың өсу драйвері» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің XXI Өңіраралық ынтымақтастығының форумы өтеді.
Форум Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде өткізіледі, бұл мемлекеттің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, білікті кадрларды даярлау және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап көрсетеді.
Іс-шара барысында еліміздің экономикалық дамуының басымдықтарын көрсететін төрт негізгі бағытты қамтитын жұмысшы кәсіптерінің көрмесі жоспарланған:
Форумда Ақмола облысын екі колледж ұсынады: «Көпсалалы инновациялық колледж» МКҚК және «Жоғары аграрлық-технологиялық колледж» МКҚК, олар заманауи демонстрациялық жабдықтарды, жұмысшы мамандықтар саласындағы инновациялық әзірлемелер мен практикалық шешімдерді көрсетеді.
Форум тәжірибе алмасу, кадрлар даярлаудың өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаңға айналады.