14.11.2025
«Ақмола облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығы» КММ-сі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы №914 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде ТжКББ ұйымдарында оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін топтардың студенттеріне қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемелерін анықтау, тарату мақсатында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерінің арасында 2025 жылғы 14 қарашада «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» облыстық конкурсы өткізілді.
Комиссия құрамына Ақмола облысының оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы А.С.Жақанова, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығының әдіскерлері, біліктілікті арттыру институтының маманы және колледждің педагог-зерттеуші оқытушылары енді. Байқауға өтінім берген облыстық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдардың орыс тілінде білім алатын топтарына қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар. Педагогтер 3 модуль бойынша дайындалды: авторлық әдістеме, авторлық әдістеменің презентациясы, сабақтан бейнеүзіндісі.
Конкурстың жеңімпазы – Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы жоғары аграрлық-технологиялық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Оракпаева Галия Темиртаевна деп танылды. Жеңімпазға «Қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» сертификаты табысталды. Облыстық жеңімпаз Республикалық конкурсқа жолдама алды.
Сонымен қатар, байқауға қатысқан педагогтерге «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» облыстық конкурсына қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.