АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ТЕХНИҚАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ЦЕНТР РАЗВИТИЯ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО, ПОСЛЕСРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысында республикадағы алғашқы салалық «АгроШебер-2025» конкурсы басталды

18.11.2025

2025 жылғы 18 қарашада Ақмола облысында Республикадағы алғашқы салалық өңіраралық кәсіби шеберлік конкурсы «АгроШебер-2025» (Механизатор-2025) басталды.

Конкурс «Ақмола облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығы» КММ қолдауымен Көпсалалы инновациялық колледждің базасында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізіліп, ауыл шаруашылығын механизациялау саласындағы кадрларды дайындаудың сапасын арттыруға, сондай-ақ агроөнеркәсіп саласындағы еңбек мамандықтарын дамытуға және насихаттауға бағытталған.

Байқауға Ақмола және Павлодар облыстарының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының тракторшы-машинистері мен колледждердегі өндірістік оқыту шеберлері қатысады.

Салалық конкурс бойынша бас сарапшы ретінде Беларусь Республикасының Смилович мемлекеттік колледжінің біліктілік орталығының меңгерушісі Стефан Андреевич Кончиц шақырылды.

Сонымен қатар, бағалау процесінің тәуелсіздігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін өңірлік қатысушылардың сарапшылар-компатриоттары тартылды.

Барлық қатысушыларға сенімділік, дәлдік, әділ бәсекелестік және жоғары нәтижелер тілейміз!

Просмотров: 19


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст