АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ТЕХНИҚАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ЦЕНТР РАЗВИТИЯ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО, ПОСЛЕСРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіби өсу: WorldSkills Kazakhstan – 2025 қатысушыларына арналған тренинг

20.11.2025

19 қараша 2025 жылы Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледжінде WorldSkills Kazakhstan – 2025 қатысушыларына арналған «Кәсіби табысқа психологиялық дайындық» тренингі өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Ақмола облысы білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығы» КММ.

Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға өз күштеріне сенімділік, жоғары нәтижелер және WorldSkills Kazakhstan – 2025 байқауында өңір намысын лайықты қорғауды тіледі. ТЖКБ дамыту орталығы басшысының міндетін атқарушы Сералина Сауле Салимжановна қатысушыларды WorldSkills тарихымен таныстырып, Ақмола облысының командасын таныстырды.

Бағдарлама аясында WorldSkills Kazakhstan – 2025 сарапшыларына тестілеу жүргізілді, сондай-ақ Психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері қатысушыларға стресске төзімділік пен командалық жұмыс дағдыларын дамыту бойынша тренингтер өткізді. Сонымен бірге сарапшылар-компатриоттар үшін бас сарапшылардың практикалық сессиялары ұйымдастырылды.

Тренинг WorldSkills Kazakhstan – 2025 байқауына дайындық жолындағы маңызды қадам болып, сарапшылар мен студенттерді кәсіби өсуге ұмтылдыруда үлкен рөл атқарды.

Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға атқарған жұмыстары мен кәсіби білім беруді дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!

Просмотров: 13


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст