27.11.2025
2025 жылғы 27 қарашада Көкшетау қаласы, Ақана сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде ТжКББ дамыту орталығы ұйымдастырған «Колледж педагогтерінің тәжірибені тарату: әдістеме, теория, практика» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Колледж басшысы С.Б. Мұхамедияр қатысушыларға құттықтау сөзінде кәсіби өзара іс-қимылдың, тәжірибе алмасудың және педагогикалық қызмет сапасын үздіксіз арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Колледж әдіскері, п.ғ.к. Г.Б. Кушпаева әріптестерімен «Методологическая культура современного педагога» тақырыбында заманауи тәсілдер мен практикалық ұсыныстар туралы маңызды ұсыныстармен бөлісті.
Озық педагогикалық тәжірибені трансляциялау аясында А.Е. Ақтаева, Д.В. Бронников (Көкшетау қаласы, Ақана сері атындағы жоғары мәдениет колледжі), Ермоленко Н.Д. (Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі) өздерінің тәжірибе нәтижелерін ұсынып тиімді әдістемелермен бөлісті, тәжірибелерінің нәтижелілігін көрсетті. Тиімді әдістемелермен бөліскен, тәжірибенің нәтижелілігін көрсеткен, кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру құралы ретінде «Интеграция дисциплины «Химия» с профессиональными модулями как средство формирования профессиональных компетенций студентов специальности «Дизайн интерьера», «Использование современных информационных технологий в преподавании творческих дисциплин: от online до offline», «Электронное учебное пособие, как средство повышения качества образования в ходе изучения спецдисциплин» тақырыптары бойынша білім беру процесінде практиканы тиімді қолдануға мүмкіндік беретін, педагогикалық тәсілді көрсететін, педагогикалық көзқарасты бейнелейтін іс-әрекет алгоритмімен таныстырды .
Педагогтер цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін, әртүрлі мамандықтағы білім алушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту үшін жалпы кәсіптік және бейіндік пәндерді біріктірудің маңыздылығын көрсетті.
Семинар - практикум аясында Шағалалы аулының жоғары аграрлық - технологиялық колледжінің оқытушылары Т.Т. Турлыбекова және Н.И. Бегалин «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында студенттердің тілдік, коммуникативтік және ойлау қызыреттерін қалаптастыру мен дамыту әдісі», «Интеграция начальной военной и технологической подготовки в образовательный процесс: опыт, методы и результаты» тақырыптары бойынша материалдар ұсынды.
Семинар-практикум тәжірибе алмасу, зерттеу әзірлемелерін ұсыну және заманауи білім беру процесін ұйымдастырудың өзекті тәсілдерін талқылау алаңына айналды.