09.12.2025
Ақмола облысының командасы WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына қатысып 2-ші жалпы командалық орынды иеленді.
WorldSkills – жаңа буын мамандары қалыптасатын орта. Мұнда шабыт, жоғары деңгейлі шеберлік және таңдаған кәсібіне деген шынайы қызығушылық сезіледі. Бұл іс-шараға қатысқан біздің студенттері үшін нақты кәсіби стандарттарды көруге, ерекше әсер алуға және әрі қарай білім алуға күшті мотивация жинауға үлкен мүмкіндік болды.
Бұл жеңіс – колледждерде жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың, талантты жастарды қолдау мен сапалы кәсіби даярлаудың нәтижесі. Чемпионатқа қатысқан барлық қатысушылар мен олардың тәлімгерлері жоғары кәсібилік пен табандылық танытып, Ақмола облысының абыройын асқақтатты. Ақмола командасы өз тәжірибесін тағы да дәлелдеп, үздік өңірлер қатарына кірді.
Біз дамуды, үйренуді және кәсіби шеберлікке жетуді жалғастыра береміз!