09.01.2026
2026 жылғы 8 қаңтарда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжде техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспары аясында «Кәсіби өсу алаңы: тәжірибені тарату» атты семинар өтті.
Семинар барысында колледж оқытушылары төмендегі тақырыптар бойынша шеберлік сыныптарын ұсынды:
Семинарға қатысушыларды колледж басшысы Р. Уаисов құттықтап, кәсіби өзара әрекеттестік пен педагогикалық тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. ТжКББ орталығының әдіскері Ж.Зулкарнаева орталықтың қызметімен таныстырып, негізгі жұмыс бағыттарын айқындады.
Семинардың модераторы колледж әдіскері У.О. Мұратбекова білім беру алаңының үйлесімді әрі нәтижелі жұмысын қамтамасыз етті.
Семинар қорытындысын ТжКББ орталығының әдіскері К.М. Жаманбаева жасап, оқытушылардың жоғары кәсіби шеберлігін, шеберлік сыныптарының практикалық бағыттылығын және педагогтердің белсенді қатысқандарын атап өтті.
Семинар озық педагогикалық тәжірибені таратуға және білім беру үдерісін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін талқылауға арналған тиімді алаң болды.
Іс-шара соңында қатысушылар формат пен мазмұнды жоғары бағалап, оң пікірлер қалдырды.