АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ТЕХНИҚАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ЦЕНТР РАЗВИТИЯ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО, ПОСЛЕСРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогикалық бағыттағы әдістемелік бірлестік

10.02.2026

         Ақмола облысы колледждері педагогтерінің педагогикалық бағыттағы                                                   «Теория мен практиканы интеграциялау - маман даярлаудың табыстылығының негізгі шарты» тақырыбындағы кезекті әдістемелік бірлестік отырысы Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжінде өткізілді.

         Мақсаты: студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған колледж студенттерін теориялық оқыту мен практикалық даярлауды интеграциялаудың тиімді тәжірибелерімен алмасу үшін кәсіби алаң құру.

        Қатысушылар: Ақмола облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығының  әдіскерлері, Педагогикалық бағыт әдістемелік бірлестігінің оқытушылары.

       Әдістемелік бірлестікті педагогикалық бағыттағы ӘБ төрағасы Редько Надежда Сергеевна жүргізді

         Колледж оқытушылары төмендегі тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынды:

  • Дидактикадағы теория мен практиканың синтезі: кейс-әдісі мен жобалық оқыту технологиялары негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру әдістемесі- Балдыкова Гульден Турлыбековна, «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі», мектепке дейінгі арнайы пәндер оқытушысы.
  • Қазақ тілінен сауатты жазуға үйрету мәселелері- Дағыстан Набат Ғарифуллақызы,  Щучинск қаласы  жоғары педагогикалық  колледжі» 
  • Тәжірибелік оқытуға бағытталған қалыптастырушы бағалау- Шаймуратова Нургул Еслямовна, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі
  • Моделирование профессиональных ситуаций в подготовке студентов направления ФКС -Скрипкин Рустам Александрович,  Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі, Көкшетау қаласы дене тәрбиесі және арнайы пәндер оқытушысы.  
  • Мектепке дейінгі ұйымдардағы кәсіптік практика: тәжірибе алмасу және кәсіби өсу мүмкіндіктері- Мукушева Нургуль Сериковна,  «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі», арнайы пәндер оқытушысы.
  • Педагогическая практика студентов как форма интеграции теории и практики в подготовке будущего педагога-  Бурумбаева Акжан Мауленовна,  Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжі
  • Наставничество. Сопровождение студента в практике-  Дюсенбина Бибижамал Каиргельдиновна , Жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжі, арнайы пәндер оқытушысы

Әдістемелік бірлестік жұмысының қорытындысын ТжКББ орталығының әдіскері Ж.А.Зулкарнаева жасап, оқытушылардың жоғары кәсіби шеберлігін, баяндамалардың практикалық бағыттылығын және педагогтердің белсенді қатысқандарын атап өтті.

Бірлестік отырысы білім беруді ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін талқылауға арналған тиімді кәсіби алаңға айналды.
Іс-шара соңында қатысушылар формат пен мазмұнды жоғары бағалап, оң пікірлер білдірді.
Алдағы уақытта осындай тәжірибе алмасу алаңдары педагог кадрлардың кәсіби дамуына және білім беру сапасын арттыруға өз ықпалын тигізеді.

 

Просмотров: 3


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст