12.02.2026
2026 жылғы 11 ақпанда Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледжінде «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде заманауи білім беру технологияларын іске асыру тәжірибесі мен нәтижелері» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің озық педагогикалық тәжірибесін тарату және жинақтау.
Семинардың ашылуында Ақмола облысы білім басқармасының ТжКББ дамыту орталығының басшысының міндетін атқарушы Сералина Сауле Салимжанқызы құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығын атап өтті және білім беру үдерісіне жаңа әдістемелер мен ақпараттық технологияларды енгізуге ерекше назар аударды.
Практикалық бөлім аясында семинар қатысушылары білім беру үдерісінде инновациялық тәсілдерді іске асырудың табысты кейстерін ұсынды.
Арнайы пәндер оқытушылары студенттердің жобалық қызметі тәжірибесін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, «ELECTUDE» виртуалды зертханасын пайдалану, сондай-ақ интерактивті білім беру ортасын қалыптастырудың заманауи тәсілдерін көрсетті.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, кәсіби және коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруға, техникалық бейіндегі мамандарды даярлауда практикалық-бағдарланған технологияларды кіріктіруге ерекше көңіл бөлінді.
Колледж педагогтері WorldSkills қозғалысының стандарттарын қолдана отырып өткізілген сабақтардың практикалық үзінділерін, жаңа материалды бекіту әдістерін, сондай-ақ «Nomad» және «Алия» әскери-патриоттық тәрбие орталықтары базасында атыс, тактикалық дайындық және әскери топография бойынша кіріктірілген оқу сценарийін таныстырды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, ұсынылған тәжірибенің практикалық маңыздылығын және облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тиімді педагогикалық тәжірибелерді одан әрі тарату қажеттігін атап өтті.
Осындай іс-шараларды өткізу педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға және қазіргі еңбек нарығының талаптарына сай бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлауға ықпал етеді.