АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ТЕХНИҚАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ЦЕНТР РАЗВИТИЯ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО, ПОСЛЕСРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС

12.02.2026

«Ақмола облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығы» КММ-сі 2026 жылғы 11 ақпан күні сағат 15.00-де ZOOM платформасында «ТжКББ-дағы әдістемелік бағдарлар: педагогикалық шеберлік пен оқытудың интеллектуалды технологияларын ұштастыру» тақырыбында әдістемелік кеңес өткізілді. Әдістемелік кеңеске колледж әдіскерлері мен оқу әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты.

- Сералина Сауле Салимжановна- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығы басшының м.а  Ақмола облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығының 2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығындағы қызметінің қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады.

- Жаманбаева Карагоз Мукушевна- ТжКББ даму орталығының әдіскері Ашық сабақтар - ТжКБ жүйесіндегі педагогикалық шеберлікті көрсету формасы тақырыбында өткізілген сабақтардың сапасы туралы атап өтті. 

- Зулкарнаева Жамиля Амангельдиновна- ТжКББ даму орталығының әдіскері Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің авторлық білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік құралдарының, педагогикалық озық тәжірибе материалдарының сапасына сараптама жұмыстарының қортындысымен таныстырды.  

 - Кожахметова Кулаим Курмашевна- Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Шағалалы ауылы, жоғары агротехникалық колледжінің оқу- әдістемелік жұмысы бойынша басшының орынбасары  SCAFFOLD құралдарын білім беру үдерісіне енгізу – оқыту тиімділігін арттырудың маңызды факторы тақырыбында колледж қабырғасында жұргізілген жұмыстар және  SCAFFOLD құралдарының маңыздылығы туралы атап өтті.

- Тукубаев Андрей  Серикович- Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы ТжКБ жүйесінде оқу үдерісіне жасанды интеллектіні енгізу туралы  ақпаратпен бөлісті.

Әдістемелік кеңес барысында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі әдістемелік жұмыстың өзекті бағыттары талқыланып, педагогикалық шеберлікті арттыру, авторлық бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету, SCAFFOLD құралдары мен жасанды интеллект технологияларын оқу үдерісіне тиімді енгізу мәселелері қарастырылды. Кеңес қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында инновациялық тәсілдерді жүйелі түрде енгізу және әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар қабылданды.

Просмотров: 3


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст