АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ТЕХНИҚАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ЦЕНТР РАЗВИТИЯ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО, ПОСЛЕСРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпы білім беретін пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы

13.02.2026

Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 13 ақпанда онлайн форматта «Білімді бақылау нысандарының әртүрлілігі: шаблондардан қалай аулақ болуға және объективтілікті қалай арттыруға болады» тақырыбында жалпы білім беретін пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің II отырысы өтті.

Отырыс барысында жалпы білім беретін пәндер бойынша білім алушылардың білімін бақылаудың заманауи тәсілдері мен нысандары, бағалаудың объективтілігін нақты және айқын критерийлерді енгізу, сондай-ақ цифрлық бақылау құралдарын пайдалану арқылы арттыру мәселелері қарастырылды.

Талқылау барысында педагогтер жобалық, ойын және тәжірибеге бағытталған тапсырмаларды қоса алғанда, заманауи бақылау нысандарын қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Отырыстың қорытындысы бойынша білімді бағалау саласындағы педагогикалық тәжірибені жетілдіруге бағытталған ұсынымдар әзірленіп, қабылданды.

Просмотров: 3


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст