25.02.2026
Ақмола облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығы КММ ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Білім беру» саласы бойынша облыстық кәсіби шеберлік конкурсының іріктеу кезеңі өткізілді.
2026 жылғы 24–25 ақпан күндері конкурс Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі базасында өтті.
Байқау барысында қатысушылар 1, 2 және 3 модуль бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетті. Қорытындысында орташа балл есептеліп, жеңімпаздар анықталды.
Жалпы білім беру пәндері оқытушылары арасында:
1 орын – Қамалиден Айгерім Сағындыққызы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, информатика пәнінің оқытушысы;
2 орын – Бабаева Айнагуль Талгатовна, Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжі, тарих пәнінің оқытушысы ;
3 орын – Баглан Айнаш Амангельдиновна, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжі, география пәнінің оқытушысы;
3 орын - Капарова Меруерт Карыбаевна, Жоғары аграрлық-технологиялық колледжі, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы
Сонымен қатар, «Кәсіби шеберлігі үшін» номинациясымен төмендегі қатысушылар марапатталды:
• Шамиганова Мериза Абзаловна, Көкшетау қаласы, құрылыс-технологиялық колледжі, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы
• Абылхаева Жанна Галиевна, Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі, тарих және география пәндерінің оқытушысы
• Даулетова Жадра Сериковна, Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы
Педагогикалық мамандықтар оқытушылары арасында:
• 1 орын – Қайыржан Тлек Сағындыққызы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, арнайы пәндер оқытушысы
• «Кәсіби шеберлігі үшін» номинациясы – Галимжанова Гульнара Булатовна, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжі, арнайы пәндер оқытушысы
Барлық жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары республикалық кезеңге жолдама алды!
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен ізденістеріңіз – білім сапасының кепілі. Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!