26.02.2026
Өңіраралық салалық кәсіби шеберлік «Үздік тас қалаушы» конкурсы «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша алғаш рет осындай форматта және өңіраралық деңгейде өткізілді.
Аталған конкурс техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі мен құрылыс саласы үшін маңызды оқиғаға айналып, әртүрлі өңірлерден педагогтар мен кәсіпорын өкілдерін біріктірді. Конкурстың алғаш рет ұйымдастырылуы WorldSkills стандарттарын енгізуге және құрылыс саласындағы кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға деген жоғары қызығушылықты көрсетті.
Конкурс қорытындылары:
Қарағанды
Қатысушы: Исайын Мұхаметәли
Сарапшы: Алтайбаев Рымбек Қапашович
І орын
Көкшетау, СТК
Қатысушы: Баялы Аслан Бауржанұлы
Сарапшы: Омаров Алпысбай Баржаксинович
І орын
Павлодар
Қатысушы: Кайль Виталий Владимирович
Сарапшы: Куприянов Вадим Владимирович
«Кәсібилігі үшін» номинациясы
Астана, BI Group
Қатысушы: Андиров Серик Болатович
Сарапшы: Хабдулин Орманбек Жаксылыкович
«Кәсібилігі үшін» номинациясы
Екі күн бойы қатысушылар жалпы ұзақтығы 12 сағаттық конкурстық тапсырманы орындап, кәсіби дайындықтарының жоғары деңгейін, дәлдігін, технология талаптарын сақтауын және WorldSkills стандарттарына сәйкестігін көрсетті.
Байқаудың алғаш рет өткізілуі оның салалық өзара ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және құрылыс мамандарын даярлау сапасын арттырудағы маңыздылығын дәлелдеді.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Кәсіби жетістіктер мен жаңа белестер тілейміз!