АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ТЕХНИҚАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ЦЕНТР РАЗВИТИЯ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО, ПОСЛЕСРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Техникалық бағыттағы облыстық әдістемелік бірлестіктің екінші отырысы: дуалды оқыту және жұмыс берушілермен тиімді серіктестік

04.03.2026

4 наурыз 2026 жылы ГККП «Высший технический колледж г.Кокшетау» базасында техникалық бағыттағы облыстық әдістемелік бірлестіктігінің екінші отырысы өтті.

Семинар тақырыбы: «Дуалды оқыту және жұмыс берушілермен серіктестік: колледж бен өндіріс арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді модельдері»

Іс-шараға Ақмола облысының ТжКБ ұйымдарының арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері және техникалық бағыт бойынша басшылардың орынбасарлары қатысты.

Отырыста келесі мәселелер қарастырылды:
✔ дуалды оқытудың тиімді модельдері
✔ теориялық және өндірістік оқытуды ықпалдастыру
✔ кәсіпорындарда тәлімгерлікті дамыту
✔ жұмыс берушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау
✔ еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру
✔ білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен ЖИ құралдарын енгізу

Қатысушылар колледждер мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықтың практикалық тәжірибесімен бөлісіп, әлеуметтік әріптестікті дамытудың стратегиялық бағыттарын талқылады және кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсынымдар қабылдады.

Отырыс қорытындысы бойынша дуалды оқытудың тұрақты моделін одан әрі дамыту, білім беру үдерісінің тәжірибеге бағытталған сипатын күшейту және заманауи білім беру технологияларын енгізуді жандандыру туралы шешім қабылданды.

Барлық қатысушыларға кәсіби диалог пен өңірдің техникалық білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!

Просмотров: 3


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст