АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ТЕХНИҚАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ЦЕНТР РАЗВИТИЯ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО, ПОСЛЕСРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының білім басқармасының алқа мәжілісі өтті.

11.03.2026

 

2026 жылғы 10 наурызда Ақмола облысының білім басқармасының «Ақмола облысының білім беру саласының дамуы: қаржылық тиімділік, цифрлық технологиялар және адами капитал» атты алқа отырысы өтті.

Іс-шараға Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығы басшысының міндетін атқарушы Сералина С.С. қатысты.

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өткен жылдың қорытындыларын талдау және стратегиялық басымдықтарды анықтау жиынның негізгі тақырыбы болды.

Алқа отырысы барысында ағымдағы жылға арналған бюджеттің егжей-тегжейлі шолуы ұсынылды. Өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру беделінің артуына септігін тигізген ауқымды «Жұмысшы мамандықтары жылының» қорытындысы шығарылды. Педагогикалық ұжымның сапалық құрамын талдау негізінде әдістемелік қызметтің мазмұны оқу нәтижелеріне тікелей әсер ететіні атап өтілді. Сондай-ақ инклюзивті білім беру мәселесі де сөз болды. Өскелең ұрпақтың бойына биік адамгершілік қасиеттер мен азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеуді көздейтін «Адал азамат» бірыңғай білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша облыстағы білім беру ұйымдарына ұлттық жобаның нысаналы индикаторларына қол жеткізуге бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.

Просмотров: 9


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст