12.03.2026
«Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі» мекемесінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық мамандықтары студенттерінің арасындағы «Педагогикалық дебют» облыстық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Дарынды студенттерді анықтау және қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін ынталандыру Сонымен қатар, жас педагогтардың кәсіби қалыптасуына жол ашып, олардың инновациялық белсенділігін дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыру.
Байқаудың ашылу салтанатында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының әдіскері Ж.А. Зулкарнаева құттықтап, өз сөзінде қатысушыларға сәттілік тілей отырып, бүгінгі жас маман — ертеңгі ұлт болашағын тәрбиелейтін білікті ұстаз екенін, мұндай байқаулар кәсіби шеберлікті шыңдаудың таптырмас алаңы екенін ерекше атап өтті.
Білім бәсекесінде облысымыздың алдыңғы қатарлы оқу орындарынан іріктелген 6 үміткер бақ сынады. Әр қатысушы өз білімі мен шеберлігін көрсету жолында жетекшілерімен бірге үлкен дайындықтан өткен:
Байқау екі негізгі кезеңнен тұрып, қатысушылардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын жан-жақты сараптады:
І кезең: «Шеберлік шыңы — сабақ беру». Бұл кезеңде қатысушылар конкурстық сабақтар өткізді. Студенттердің сабақты жоспарлауы, цифрлық технологияларды (IT) қолдануы және аудиториямен байланысы.
ІІ кезең: Кәсіби және шығармашылық сайыс. Бұл кезең колледждің акт залында өтіп, екі маңызды турды қамтыды: «Жас педагог жолының бастауы». Қатысушылар өздерінің педагогикалық ұстанымдарын шығармашылық форматта (слайд, бейнеролик) таныстырды «Кәсіби полигон». Студенттер мектеп өміріндегі күрделі педагогикалық жағдаяттарды (қақтығыстар, ата-анамен жұмыс) жедел әрі психологиялық тұрғыдан дұрыс шешу қабілетін көрсетті .
Студенттер өздерінің теориялық білімдерін практикада қолдану қабілетін, сабақ берудің заманауи әдіс-тәсілдерін меңгергендігін және педагогикалық жағдаяттардан шығу шеберліктерін көрсетті. Әділ қазылар алқасы қатысушылардың креативтілігі мен кәсіби даярлығына жоғары баға берді.
«Педагогикалық дебют» — бұл жай ғана жарыс емес, бұл болашақ ұстаздардың үлкен өмірге, кәсіби ортаға қосқан алғашқы батыл қадамы. Барлық қатысушылар мен олардың жетекшілеріне шығармашылық табыс, толағай табыстар тілейміз!