АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ТЕХНИҚАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ЦЕНТР РАЗВИТИЯ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО, ПОСЛЕСРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогикалық шеберлікті дамыту және тәжірибе тарату семинар өтті

13.03.2026

2026 жылғы 13 наурызында Көкшетау қаласы, құрылыс-технологиялық колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған «Педагогикалық шеберлікті дамыту және тәжірибе тарату» атты практикалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: ұстаздардың озық тәжірибесін тарату, тиімді әдістермен бөлісу, білім беру нәтижелерін жақсарту, оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру, сондай-ақ педагогикалық қоғамдастықтағы өзара ынтымақтастықты дамыту және білім беру үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізу.

Семинардың ашылу салтанатында колледж басшысы Бегайдаров Ерлан Бегайдарович және Ақмола облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығының әдіскері Зулкарнаева Жамила Амангельдиновна құттықтау сөз сөйлеп, педагог мәртебесі мен тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталды.

Семинар барысында педагогтер өздерінің авторлық оқу-әдістемелік құралдарын, тәжірибелік жұмыстарын және заманауи педагогикалық тәсілдерді таныстырды. Атап айтқанда,

  • Формирование функциональной грамотности на уроках химии и биологии для эффективного личностного саморазвития, в ходе образовательного процесса – «Көкшетау қаласы, құрылыс-технологиялық колледжі» МКҚК-нің педагог-зерттеуші санатындағы химия және биология пәндерінің оқытушысы Шалабаева Манар Жанбировна;
  • «Сlassic short stories» Ағылшын және американдық классикалық жазушылардың қысқа әңгімелер жинағы – «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК-нің педагог-зерттеуші санатындағы ағылшын тілі оқытушылары Қитарова Галия Сырымовна және Сабырова Асем Бекешевна;
  • Учебное пособие по курсу «Мировая литература» для обучающихся творческих специальностей – «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК-нің педагог-сарапшы санатындағы орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Каипназарова Лилия Абитхановна;
  • Шетел тілі мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру – «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК-нің педагог-сарапшы санатындағы ағылшын тілі оқытушысы Каппас Айсара;
  • «Оқу құзыреттілік деңгейлері бойынша мәтінді талдау: ақпаратты іздеу және алу, интеграция және интерпретация, түсіну және бағалау» оқу-әдістемелік құралы – «Көкшетау қаласы, құрылыс-технологиялық колледжі» МКҚК-нің педагог-зерттеуші санатындағы орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Садвокасова Анара Саябековна;
  • Практические аспекты инклюзивного обучения химии в техническом и профессиональном образовании – «Көкшетау қаласы, құрылыс-технологиялық колледжі» МКҚК-нің педагог-зерттеуші санатындағы химия және биология пәндерінің оқытушысы Шалабаева Манар Жанбировна және Хващевская Ирина Владимировна;
  • «Инновационные подходы в профессиональном образовании по специальности «Технология производства пищевых продуктов»:  интеграция современных производственных технологий сочетается с инновационными методами теоретического и практического обучения, направленными на всесторонее развитие профессиональных компетенций студентов» – Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжінің педагог-зерттеуші санатындағы арнайы пәндер оқытушысы Шепырева Марина Васильевна;
  • «Тамақтану саласы мамандарын кәсіби даярлаудағы қазақ ұлттық тағамдары» оқу-әдістемелік құралы – «Көкшетау қаласы, құрылыс-технологиялық колледжі» МКҚК-нің педагог-зерттеуші санатындағы Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері Ибрагимова Ирина Владимировна;
  • «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бағыт бойынша білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы WorldSkills технологиялары жөніндегі авторлық педагогикалық тәжірибесі – «Көкшетау қаласы, құрылыс-технологиялық колледжі» МКҚК-нің педагог-сарапшы санатындағы Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері Бекпаева Шинар Әшімовна.

Семинар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, өзекті педагогикалық мәселелерді талқылады. Мұндай іс-шаралар педагогтердің кәсіби дамуына, білім беру сапасын арттыруға және инновациялық тәжірибелерді кеңінен таратуға мүмкіндік береді.

Семинар қатысушылары ұсынылған тәжірибелердің білім беру үдерісінде тиімді қолдануға болатынын атап өтті. Сонымен қатар, мұндай кездесулер педагогтердің кәсіби ынтымақтастығын нығайтып, болашақта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға негіз қалайды.

Просмотров: 12


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст