18.03.2026
2026 жылғы 18 наурыз күні Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК базасында «Колледж педагогтарының тәжірибесін тарату: әдістеме, теория, тәжірибе» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Іс-шараға озық педагогикалық тәжірибені жалпылау бойынша нәтижелері бар және педагогикалық тәжірибені жалпылауды жоспарлап отырған колледж педагогтері, «педагог-зерттеуші» біліктілік санатын растайтын және осы санат бойынша аттестаттаудан өтуді жоспарлап жүрген педагогтер, жас мамандар мен колледж әдіскерлері қатысты.
Семинардың ашылуында колледж директоры С.Б. Мұхамедияр және Ақмола облысы білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығының» әдіскері Ж.А. Зулкарнаева құттықтау сөз сөйлеп, педагогтердің кәсіби дамуы мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.
Семинар барысында қатысушылар кәсіби бағдар беру, экологиялық тәрбие, инклюзивті білім беру, музыкалық-теориялық пәндерді оқыту, сондай-ақ өнер және мәдениет саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мәселелері бойынша мазмұнды баяндамалар тыңдады. Сонымен қатар, фортепиано, дирижерлік өнер, концертмейстерлік шеберлік және халық аспаптары оркестрімен жұмыс істеу бағыттары бойынша әдістемелік ұсынымдар ұсынылды.
Атап айтқанда:
- «Роль профессиональных проб и ранней профориентации в выборе профессии», Н.В. Клименко;
- «Программа экотуризма как инструмент воспитательной работы», Х.Н. Ахметова, А.К. Сеитова;
- «Управление развитием профессиональной компетентности педагогов технического и профессионального, послесреднего образования сферы искусства и культуры», А.Е. Актаева, Б.Т. Сейтахметова;
- «Освоение казахской традиционной музыки в интегрированном цикле музыкально-теоретических дисциплин», Р.К. Жуманова;
- Методические рекомендации по изучению дисциплины «Анализ музыкальных произведений для специальности «Инструментальное исполнительство», Ж.Т. Бозжигитова;
- «Подготовка студента-домбриста к концертному выступлению: психологические и методические аспекты», Д.Е. Биржанов;
- «Формирование межличностных взаимоотношений обучающихся посредством тренинговых занятий с применением современных инструментов в контексте экологического воспитания», О.Н. Купирянова;
- Методические рекомендации «Сборник фортепианных ансамблей и упражнений», Р.Т. Байкенова;
- Учебное пособие «Методика обучения игре на фортепиано», Т.Г. Бумбарь;
- «Развитие профессиональных умений у студентов в процессе изучения экономических дисциплин на основе интегрированного подхода», Е.А. Алексеенко;
- «Использование исследовательской деятельности педагогов в инклюзивном образовании для повышения качества профессиональной компетентности студентов», Н.С. Венгловская;
- «Фортепиано аспабында ойнаудың негіздері / Основы игры на фортепиано», К.А. Рерих, Ш.К. Мусаипова;
- «Дирижерлік өнер және хор дирижерлігі», Н.А. Болатова, С.К. Таткенова;
- «Халық аспаптары оркестрімен жұмыс істеу», Б.А. Аминов;
- Учебное пособие «Концертмейстерский класс», Е.В. Юсупова;
- «Основы концертмейстерского мастерства: обязательный список из 10 романсов и песен», Ж.К. Искакова;
- «Хор және хорды басқару», Ә.Ғ. Шайрахметова;
- «Дирижердің кәсіби бейнесі және оркестрмен жұмыс істеу әдістемесі», Б.Б. Жандәулет.
Семинар жұмысы барысында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи білім беру үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану бойынша пікір алмасты. Іс-шара соңында қатысушылар ұсыныстар әзірлеп, қорытынды жасалды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Аталған семинар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, озық тәжірибені таратуға және білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған маңызды алаң болды. Осындай мазмұнды кездесулер алдағы уақытта да жалғасын тауып, педагогтердің кәсіби өсуіне серпін беретіні сөзсіз.