АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ТЕХНИҚАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ЦЕНТР РАЗВИТИЯ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО, ПОСЛЕСРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада

27.03.2026

2026 жылғы 26–27 наурыз күндері Ақмола облысы білім басқармасының қарамағындағы «Көкшетау қаласы, Құрылыс-технологиялық колледжі» МКҚК базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада өтті. Олимпиаданың ұйымдастырушысы – Ақмола облысы білім басқармасы.

Олимпиаданың мақсаты – дарынды студенттерді анықтау және қолдау, олардың зияткерлік әлеуетін дамыту, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндерге қызығушылығын арттыру.

Олимпиадаға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының және Щучинск қаласындағы Әскери колледждің 25 ұйымынан 230-дан астам студент қатысты. Қатысушылар сегіз пән бойынша бақ сынады: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, математика, информатика, физика және химия.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды: іріктеу және қорытынды. 2026 жылғы 26 наурызында іс-шараның салтанатты ашылуы өтіп, олимпиаданың I кезеңі басталды. Қатысушыларға құттықтау сөзбен Ақмола облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің басшысы Н.М. Нуралин сөз сөйледі. Ашылу барысында қазылар алқасы таныстырылып, олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері белгіленді.

Сол күні I кезеңнің қорытындысы бойынша қазылар алқасы жұмыстарды тексеріп, II кезеңге өткен қатысушыларды анықтады.

Қатысушылар үшін мәдени бағдарлама ұйымдастырылып, олар Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында болып, «Он екінші күн» спектаклінің премьерасын тамашалады.

2026 жылғы 27 наурызында қатысушылар II кезеңде білім сайысын жалғастырды. Байқау кезеңдері аяқталғаннан кейін қазылар алқасы қорытынды нәтижелерді шығарды.

Олимпиада жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталды. Үздік студенттер грамоталармен және сертификаттармен марапатталды.

Осындай іс-шараларды өткізу білім беру ортасының дамуына, білім беру ұйымдары арасындағы тәжірибе алмасуға және студенттердің білімге деген қызығушылығы мен кәсіби өсуіне ұмтылысын қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Просмотров: 14


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст